Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU профессорының Литва мен Латвияда өткен GreenTech Horizons халықаралық тренингіне қатысуы
20 Қаңтар 2026                  21
METU профессорының Литва мен Латвияда өткен GreenTech Horizons халықаралық тренингіне қатысуы

2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры Токсанова А.Н. Erasmus+ бағдарламасы аясындағы GreenTech Horizons халықаралық тренингіне қатысты.

Тренинг Joint 2nd & 3rd Train-the-Trainers форматында өтіп, Kaunas University of Technology базасында (Каунас қ., Литва, 19–21 қаңтар) және Riga Technical University базасында (Рига қ., Латвия, 22–23 қаңтар) ұйымдастырылды.

Тренинг барысында жоғары білім беру жүйесінде жасыл және цифрлық өтуді қолдау мақсатында жасанды интеллектті (ЖИ) білім беру үдерісіне интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Цифрлық трансформация, тұрақты даму, жасыл инновациялар, киберқауіпсіздік, деректер этикасы, ақылды қалалар мен энергетикалық жүйелер тақырыптары қарастырылды.

Жоба аясында магистранттарға арналған «Жасыл кәсіпкерлік және инновациялар» пәні бойынша 15 дәрістен тұратын оқу-әдістемелік кешен әзірленді.

Сондай-ақ Каунас технологиялық университетінің ғылыми орталығы, технопаркі мен кітапханасына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Тренингке қатысу цифрлық және педагогикалық құзыреттерді арттыруға, оқу курстарын жаңғыртуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берді. Жасанды интеллектті қолдану Erasmus+ бағдарламасы аясында тұрақты және цифрлық білім беруді дамытудағы тиімді құрал ретінде өз тиімділігін көрсетті.