Сапардың
мақсаты – жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе
алмасу және бірлескен білім беру бастамаларын дамыту. Бағдарлама барысында
студенттер оқу сабақтарына қатысып, ғылыми және жобалық жұмыстарға араласып,
қабылдаушы университеттің білім беру ортасы мен инфрақұрылымымен таныса алады.
Академиялық ұтқырлық білім алушылардың кәсіби
және тұлғалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың академиялық көкжиегін
кеңейтеді және халықаралық байланыстарды қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен
қатар, сапар аясында университет басшылығымен кездесулер, мәдени бағдарлама
және МИТУ студенттерімен бірлескен іс-шаралар жоспарланған.
Мұндай
алмасулар білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтып,
болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.