Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры «ИИТЭ» және «IT-маркетинг» ББ студенттері МИТУ-дан Қ.И. Раззаков атындағы ҚМТУ-ға академиялық ұтқырлық аясында келді
09 Ақпан 2026                  816
«ИИТЭ» және «IT-маркетинг» ББ студенттері МИТУ-дан Қ.И. Раззаков атындағы ҚМТУ-ға академиялық ұтқырлық аясында келді

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Экономикадағы ақпараттық және инновациялық технологиялар» және «IT-маркетинг» білім беру бағдарламаларының студенттері 2025–2026 оқу жылының 2-семестрінде Кыргызский государственный технический университет имени И. Раззакова университетінде білім алуда.

Академиялық ұтқырлықтың мақсаты

Бағдарламаның мақсаты – білім алушылардың кәсіби және академиялық мүмкіндіктерін кеңейту, халықаралық білім беру тәжірибесін алу және серіктес жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Бағдарлама халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасуға және заманауи білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның міндеттері

Бағдарлама білім беру ұйымдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық байланыстарды кеңейтуге және оқытудың озық әдістерімен алмасуға бағытталған.

Сонымен қатар, жаңа білім беру ортасында оқу арқылы халықаралық тәжірибе жинақтау, IT және цифрлық экономика саласындағы шетелдік тәжірибемен танысу және ғылыми қызметке қатысу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Бағдарлама білім алушылардың жеке дамуына ерекше көңіл бөледі: дербестікті, икемді ойлауды, бейімделгіштікті қалыптастыру және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту.

Сондай-ақ, бағдарлама түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Академиялық ұтқырлықтың маңызды бөлігі – кәсіби нетворкингті дамыту, яғни оқытушылармен, зерттеушілермен және студенттермен байланыс орнату, болашақ бірлескен жобалар мен зерттеулерге мүмкіндік жасау.