Главная Новости METU «UPGrade&Daryn FIRST Scrimmage» чемпионаты аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді
02 Ақпан 2026                  148
METU «UPGrade&Daryn FIRST Scrimmage» чемпионаты аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет METU Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен мектеп оқушылары арасындағы «UPGrade&Daryn FIRST Scrimmage» қалалық робототехника чемпионатына қатысты.

«UPGrade&Daryn FIRST Scrimmage» чемпионаты ҚазҰУ-дың Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустриялар орталығы мен «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Байқауға Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінен 54 команда құрамында 185-тен астам оқушы қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар робототехникалық жүйелерді жобалау, бағдарламалау және басқару бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сайыс халықаралық FIRST бағдарламасының стандарттарына сәйкес ұйымдастырылып, роботтарды автономды басқару, техникалық тапсырмаларды орындау және инженерлік жобаларды қорғау кезеңдерін қамтыды. Қатысушылардың жұмыстарын ҚазҰУ оқытушылары, білім беру ұйымдарының өкілдері және IT мен робототехника саласының мамандары бағалады.

Чемпионат аясында METU оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Университет өкілдері «UPGrade&Daryn FIRST Scrimmage» қатысушыларын инженерия, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бағытындағы білім беру бағдарламаларымен таныстырып, заманауи зертханалар мен тәжірибеге бағытталған оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Осындай іс-шараларға қатысу METU-дің дарынды жастарды қолдау және инженерлік білімді ерте кезеңнен дамыту стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда. Университет білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтып келеді

             Автор: Мусақызы Ж.