4 ақпанда Халықаралық инженерлік-технологиялық
университет METU-де халықаралық қонақтардың қатысуымен және ЮНЕСКО қолдауымен
III «Олжас Сүлейменов әлемінің ұйқастары» әдеби фестивалі өтті.
Фестиваль академиялық орта өкілдерін, мәдениет
қайраткерлерін, педагогтарды, мектеп оқушыларын және жас зерттеушілерді бір
алаңға жинады. Іс-шара барысында мәдени мұра, әдебиеттің жастардың дүниетанымын
қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ Олжас Сүлейменовтің халықаралық гуманитарлық
диалогты дамытудағы үлесі талқыланды.
Бағдарлама аясында әдеби оқулар, шығармашылық қойылымдар
және пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін
және гуманитарлық бағыттарға қызығушылықтарын көрсетті.
Фестивальден кейін METU мектеп оқушыларына кәсіби бағдар
беру жұмысын жүргізді. Университет өкілдері білім беру бағдарламаларын
таныстырып, оқу, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері
туралы ақпарат берді. Оқушылар болашақ мамандық таңдауға қатысты кеңес алып,
университеттің мүмкіндіктерімен танысты.
Фестивальдің METU қабырғасында өтуі университеттің мәдени бастамаларды қолдайтынын және жастардың зияткерлік дамуына үлес қосуға ұмтылысын айқындады.
Автор: Мусақызы Ж.