Главная Новости Аргентинадағы Austral University университетінен шақырылған профессор Markos Bamonte METU студенттері үшін дәрістер циклін бастады
17 Ақпан 2026                  63
Аргентинадағы Austral University университетінен шақырылған профессор Markos Bamonte METU студенттері үшін дәрістер циклін бастады

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде шақырылған профессор Маркос Бамонтенің дәрістер циклі басталды. Дәрістер «Бағдарламалық инженерия» және «Инженериядағы смарт технологиялар» кафедраларының студенттеріне арналған және үлкен қызығушылық тудырды.

Профессор Бамонте келесі заманауи бағыттар бойынша дәріс оқиды: Biometrics, Robotics, Mechatronics, Emotion Recognition, Automatic Control Systems.

Курстың басты ерекшелігі – оның практикалық бағыттылығы. Әрбір дәріс нақты кейстерді талқылаумен қатар, тәжірибелік тапсырмаларға ұласады. Студенттер алған білімдерін бекітіп қана қоймай, профессордың жетекшілігімен өз жобаларын әзірлейді.

Сабақ барысында студенттер келесі бағыттарда жұмыс жасауда:

  • компьютерлік көру негізіндегі эмоцияларды тану жүйелері;

  • автоматты басқаруы бар роботтандырылған платформалар элементтері;

  • пайдаланушыларды сәйкестендіруге арналған биометриялық шешімдер.

Студенттер жоғары деңгейдегі белсенділік пен қызығушылық танытып, топтық жұмыстар мен талқылауларға белсене қатысуда. Алғашқы кезеңдердің өзінде-ақ концепциялар мен прототиптер түрінде нәтижелер көрсетілді.

Сондай-ақ дәрістердің толықтай ағылшын тілінде өтуі студенттердің тілдік дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді және кәсіби терминологияны дамытуға ықпал етеді.

Мұндай дәрістер халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білім сапасын арттыруға және студенттер үшін ғылыми-зерттеу мен инновациялық жобаларда жаңа мүмкіндіктер ашуға үлкен үлес қосады.