Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Кәсіби бағдар беру жұмысы
09 Ақпан 2026                  190
Кәсіби бағдар беру жұмысы

СС-25-1к тобының студенті Қожақова Сағыныш Ащысай ауылы, Кентау қаласы аумағында орналасқан «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Іс-шара аясында оқушылар жоғары оқу орнының қызметі, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, даярлау бағыттары мен мамандықтардың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар оқуға қабылдау талаптары мен білім алушыларға ұсынылатын академиялық мүмкіндіктер түсіндірілді. Болашақ кәсіби бағытты саналы түрде таңдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.