Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Стандарттау және сертификаттау» БББ Академиялық комитетінің отырысы өтті
17 Ақпан 2026                  65
«Стандарттау және сертификаттау» БББ Академиялық комитетінің отырысы өтті

2026 жылғы 17 ақпанда кафедрада ОП 6В07501 - «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің отырысы өтті. Отырыстың жұмысына жұмыс берушілер, сарапшылар және студенттер қатысты. Күн тәртібінде оқу жоспарын қазіргі кәсіби талаптар мен халықаралық стандарттарға сай жаңарту мәселелері қаралды.

Алымбеков Майрамкул Джекшебайевич - ТОО «НЦА» техникалық сарапшысы, ТОО «ҒЗО «Алматы-Стандарт» жетекші маманы өз баяндамасында «Теориялық және қолданбалы механика» пәнін оқу жоспарына қосуды ұсынды. Бұл пән студенттердің инженерлік базасын қалыптастыруға, физикалық процестерді түсінуге, өнімнің стандарт талаптарына сәйкестігін бағалауға, сынақтар мен сараптамаларды жүргізуге, сондай-ақ өнімнің беріктігі, сенімділігі және қауіпсіздігін талдауға мүмкіндік береді.

Тохтиярова Гузель Молутовна - ТОО «ҒЗО «Алматы-Стандарт» ОПС жетекшісі «Техникалық реттеудің негіздері» пәнін қосу қажеттілігін атап өтті. Пән студенттерге мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін, техникалық регламенттер мен өнімге қойылатын міндетті талаптарды түсінуге, нормативтік құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

ТОО «Business Expert KZ» эксперт-аудиторы Кубеева Айганым Сангелдиновна «Сапаны аудиттеу» пәнінің атауын «Басқару жүйелерін аудиттеу жөніндегі нұсқаулықтар» деп өзгерту ұсынысын жасады. Жаңа атау халықаралық терминологияға сәйкес келеді, ISO 19011 стандартының талаптарын ескереді және әртүрлі басқару жүйелерін аудиттеу кезінде тәуекелге бағытталған заманауи тәсілдерді көрсетеді.

Студенттер атынан 3 курс студенті Дәулетқұл Береке профильдік пәндерді ағылшын тілінде оқуға қызығушылық білдірді, бұл академиялық мобильділікті арттыруға, кәсіби бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге және халықаралық стандарттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шешімдер

Академиялық комитеттің отырысы қорытындысы бойынша:

  • «Стандарттау және техникалық өлшемдер» пәнінің атауын «Стандарттау және техникалық реттеу» деп түзету;

  • «Сапаны аудиттеу» пәнінің атауын «Басқару жүйелерін аудиттеу жөніндегі нұсқаулықтар» деп өзгерту;

  • оқу жоспарына өзгерістер енгізу: «СС, БЖ сапа менеджменті жүйесі» пәнін шығару және «Теориялық және қолданбалы механика» пәнін қосу.

Қабылданған шешімдер оқу бағдарламасының мазмұнын жаңартуға, оның тәжірибелік бағыттылығын күшейтуге және стандарттау мен сертификаттау саласындағы заманауи кәсіби және нормативтік талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.