СС-25-1к тобының студенті Азанғалиев Ерик Берікұлы Д. А. Қонаев атындағы орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жоғары оқу орнының қызметі, білім беру бағдарламалары, даярлау бағыттары мен мамандықтардың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар оқуға қабылдау талаптары мен студенттерге ұсынылатын академиялық мүмкіндіктер түсіндірілді.
Кездесу барысында болашақ мамандықты саналы әрі жауапкершілікпен таңдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.