Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры "Технологиялық машиналар және жабдықтар" ББ Академиялық комитетінің ашық отырысы
17 Ақпан 2026                  145
"Технологиялық машиналар және жабдықтар" ББ Академиялық комитетінің ашық отырысы

2026 жылғы 18 ақпанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) "Технологиялық машиналар және жабдықтар" білім беру бағдарламалары бойынша Академиялық комитеттің ашық отырысы өтті.

Отырыс келесі білім беру бағдарламаларын қамтыды:

  • 6В07103 – "Технологические машины и оборудование" (бакалавриат);

  • 7М07101 – "Технологические машины и оборудование" (магистратура).

Іс-шараға жұмыс берушілер, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

Талқылау барысында оқу жоспарларын жаңарту, пәндердің мазмұнын жетілдіру және практико-ориентирленген жаңа бағыттарды енгізу мәселелері қаралды. Арнайы назар:

  • «Өзара алмастыру негіздері» пәнін қосу;

  • «Тағам өндірісінің процестері және аппараттары» және «Тиеу-түсіру көлік құралдары» пәндерін енгізу;

  • Магистратура деңгейінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын білім беру үдерісіне интеграциялау.

Қабылданған шешімдер мамандарды даярлау сапасын арттыруға және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.