Главная Новости СЕССИЯ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ: «САНАЛЫ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ БАСТАМАСЫ
25 Желтоқсан 2025                  40
СЕССИЯ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ: «САНАЛЫ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ БАСТАМАСЫ

Университетімізде кезекті академиялық кезең – қысқы сессия басталды. Бұл – әрбір студенттің білім деңгейін айқындайтын маңызды уақыт қана емес, сонымен қатар оның адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстанымдарын көрсететін кезең.

Осы орайда, академиялық адалдық қағидаттарын нығайту және емтихандардың әділ әрі ашық өтуіне қолдау көрсету мақсатында «Саналы ұрпақ» студенттік клубы арнайы бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда.

Клуб мүшелері сессия барысында оқу ғимараттарына кіріп, емтихан процесінің академиялық талаптарға сай өткізілуін қоғамдық негізде бақылауға атсалысады. Бұл бастама студенттер арасында адалдық мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және өзара сенімге негізделген білім беру ортасын дамытуға бағытталған.

Аталған жұмыстарға келесі студенттер қатысуда:

– Турсунова Жансая – 4 курс студенті

– Омар Алихан – 4 курс студенті

– Серсанғалы Арайлымриза Қайратқызы – Студенттік ректор

– Айтжан Нұрасыл Әлімжанұлы – Студенттік омбудсмен

Бақылау шаралары оқу процесіне араласу емес, керісінше, студенттердің өз құқықтары мен міндеттерін сақтай отырып, адал білім алу қағидаттарын қолдау мақсатында жүргізіледі.

«Саналы ұрпақ» клубының басты мақсаты – парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және әділ қоғам қалыптастыруға үлес қосу.

Біз сенеміз:

Адал өткен сессия – сапалы білімнің кепілі.

Ал сапалы білім – саналы болашақтың негізі.