Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) Austral University (Аргентина) университетінің шақырылған профессоры Маркос Бамонтенің сапары сәтті аяқталды. Сапар барысында «Бағдарламалық инженерия» және «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедраларының студенттеріне арналған дәрістер циклі өткізілді.
Профессор Бамонте биометрика, робототехника, мехатроника, эмоцияларды тану және автоматты басқару жүйелері сияқты заманауи бағыттар бойынша тәжірибеге бағытталған сабақтар жүргізді. Дәрістер теориялық материалды нақты кейстермен және практикалық жобалармен ұштастыруымен ерекшеленді.
Сабақтар барысында METU студенттері жоғары дайындық деңгейін, белсенділігін және оқу процесіне қызығушылығын көрсетті. Профессор Бамонте студенттердің техникалық дайындығы мен кәсіби ағылшын тілін сенімді қолдануын жоғары бағалады.
Тараптар академиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өткізілген дәрістер циклі METU мен Austral University арасындағы халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды және болашақ бірлескен білім беру мен ғылыми жобаларға берік негіз қалады.
METU профессора Маркос Бамонтеге жемісті жұмысы үшін алғыс білдіреді және ынтымақтатықтың жалғасуына үміт артады.