Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Ашық отырыс: «6В06201 – Радиотехника, электроника и телекоммуникации» бағдарламасы
20 Ақпан 2026                  89
Ашық отырыс: «6В06201 – Радиотехника, электроника и телекоммуникации» бағдарламасы

2026 жылғы ақпанда Халықаралық технологиялық университетінде «6В06201 – Радиотехника, электроника и телекоммуникации» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің ашық отырысы өтті. Кездесу барысында оқу жоспарын өзектендіру, практикалық сабақтарды көбейту, студенттердің кәсіби дайындығын арттыру мәселелері талқыланды.

Кафедра меңгерушісі Бактыбаев М.Қ. бағдарлама сипаттамасы, академиялық құрам, жетекші оқытушылар, болашақ мамандықтар және студенттерге берілетін дағдылар туралы баяндады. Пікір алмасуға студенттер, профессорлар, лекторлар және индустрия өкілдері қатысты. Практикаға бағытталған пәндер мен мамандыққа қатысты жаңа сабақтарды қосу ұсынылды.

Ассоциированный профессорлар мен индустрия өкілдері студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер өз ұсыныстарын айтып, өндірістік тәжірибе мен жаңа пәндерді оқу жоспарына енгізу қажеттілігін көрсетті.

Қатысушылардың пікірінше, оқу жоспарын жаңарту студенттерді кәсіби дайындауда, өндірістік практикаға дайындауда және индустрия талаптарына сәйкес болуында маңызды рөл атқарады. Оқыту жоспарына өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілетін болады, ал барлық жаңартулар университет, индустрия және студенттердің тығыз өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылатын болады.