METU мен NMU командалары арасында өткен волейбол кездесуінде METU спортшылары жоғары дайындықтарын көрсетіп, сенімді ойын өрнегін паш етті.
Матч тартысты әрі жоғары қарқында өтті. METU ойыншылары алғашқы сеттен бастап белсенділік танытып, үйлесімді командалық әрекет пен дәл шабуылдардың арқасында басымдыққа ие болды. Қорғаныста да ойыншылар ширақ қимылдап, қарсыластың шабуылдарына сәтті тосқауыл қоя білді.
Нәтижесінде METU командасы лайықты жеңіске жетіп, өз шеберлігі мен ұйымшылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.