Университет кітапханасында
дәстүрге айналған «Жаныңда жүр жақсы
адам» атты кезекті іс-шара өтті. Кездесудің құрметті қонағы
– MЕTU колледжінің директоры
Шалабаева Майра Құсайынқызы. Ұстаздық жолын
абыроймен атқарып келе жатқан Майра Құсайынқызы колледждегі еңбек жолын 2019
жылдан бастап, осы уақыт ішінде университет пен колледждің дамуына айтарлықтай
үлес қосып келеді.
Бұл
кездесу арқылы METU ұжымы Майра Құсайынқызын тек білікті басшы әрі ұстаз
ретінде ғана емес, парасатты тұлға, өмірлік тәжірибесі мол жан ретінде тағы бір
қырынан таныды. Әріптестері мен студенттер үшін бұл ерекше әсерлі әрі тағылымы
мол сұхбат болды. Колледжде талапшыл басшы, білікті маман ретінде танылған
Майра Құсайынқызы отбасында – аяулы жар, мейірімді ана екенін де жылы әңгімесі
арқылы бөлісті.
Іс-шара
барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өнер көрсетіп, қонақпен
еркін пікір алмасты. Ашық әрі шынайы өткен әңгіме жастарға шабыт беріп, өмірлік
бағыт таңдауда ой салды.