Главная Новости METU университетінде теннис клубы өз жұмысын бастады
02 Ақпан 2026                  3
METU университетінде теннис клубы өз жұмысын бастады

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаңа теннис клубы өз жұмысын бастады.

Клубтың ашылуы университет жастары үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Енді студенттер бос уақыттарын тиімді өткізіп, теннис ойынын меңгеріп, спорттық шеберліктерін дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, клубта тұрақты түрде жаттығулар, достық кездесулер және шағын турнирлер өткізу жоспарланып отыр.

Теннис клубының негізгі мақсаты – студенттер арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, белсенді өмір салтын қолдау және университеттің спорттық өмірін дамыту.

METU университеті алдағы уақытта да студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасап, жаңа спорттық бастамаларды қолдауды жалғастырады.