Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасы студенттерді дәстүрлі қазақ ою-өрнектерін заманауи тұрғыда жаңаша бейнелеуге арналған шығармашылық Digital Art байқауына қатысуға шақырады. Байқаудың мақсаты – заманауи цифрлық технологиялар арқылы ұлттық мәдени мұраны насихаттау, сондай-ақ студенттердің шығармашылық әлеуетін, көркемдік ойлауын және цифрлық өнерге қызығушылығын дамыту. Қатысушыларға қазақ ою-өрнектерінен шабыт алып, заманауи стильде орындалған авторлық жұмыстар ұсыну ұсынылады. Бұл байқау дәстүр мен инновацияны ұштастырып, жастардың креативті өзін-өзі танытуына жаңа мүмкіндік береді.
Байқауға университет студенттері қатыса алады. Қабылданатын жұмыстар форматы: Digital Art бағытындағы цифрлық иллюстрация, графикалық дизайн, AI-art, 3D-графика және өзге де заманауи цифрлық өнер түрлері. Негізгі талап – қазақтың ұлттық ою-өрнек элементтерін заманауи әрі ерекше интерпретацияда қолдану.
Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- идеяның бірегейлігі
- креативтілік және көркемдік орындалуы
- ұлттық ою-өрнектерді қолдану
- заманауи цифрлық стиль
Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15–17 наурыз Файл форматы: JPG / PNG, жоғары сапада Жұмыстарды жіберу үшін электрондық пошта: metu082024@gmail.com «Бағдарламалық инженерия» кафедрасы барлық талантты және креативті студенттерді байқауға белсенді қатысып, ұлттық өнерді цифрлық форматта жаңаша танытуға шақырады.