Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызы «Референдум – ел болашағына жауапты қадам» атты ашық кураторлық сағат өткізді
12 Наурыз 2026                  58
Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызы «Референдум – ел болашағына жауапты қадам» атты ашық кураторлық сағат өткізді

Білім алушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және елдегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістер туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында «Референдум – ел болашағына жауапты қадам» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны оқытушы Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызы жүргізді. Кураторлық сағат барысында студенттерге референдумның қоғам өміріндегі маңызы, оның елдің саяси және әлеуметтік дамуына ықпалы туралы кеңінен түсіндірілді. Оқытушы референдумның халықтың өз пікірін білдіруінің маңызды демократиялық тетігі екенін атап өтіп, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы мемлекет болашағына өз үлесін қоса алатынын жеткізді.

Сонымен қатар, білім алушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мәлімет берілді. Конституциялық реформалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және елдегі демократиялық үдерістерді одан әрі дамыту екені түсіндірілді. Іс-шара аясында студенттерге өздерінің дауыс беретін сайлау учаскелері туралы ақпарат ұсынылып, референдумға қатысу тәртібі, дауыс беру процесі және әр азаматтың жауапкершілігі жан-жақты баяндалды. Сондай-ақ жастарға қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласудың, азаматтық ұстанымды ашық білдірудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кураторлық сағат барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, тақырып төңірегінде пікір алмасты. Ашық сабақ білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.