Кафедраның аға оқытушысы Джумабекова Гульзира Шабаевна «Стандарттау және техникалық өлшеу» пәні бойынша «НАССР жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер үш топқа бөлінді.
1-тапсырма: Студенттерге технологиялық сұлбалар ұсынылып, сол сұлбалардағы сыни бақылау нүктелерін анықтау тапсырылды. Сонымен қатар, анықталған сыни бақылау нүктелеріне қатысты түзету шараларының жүзеге асырылу жолдары талқыланды.
2-тапсырма: Студенттер LearningApps бағдарламасында командалық ойын ойнады. Жинаған ұпайларының нәтижесі бойынша топтарға келесі бағалар берілді:
1-орын – 100 балл;
2-орын – 90 балл;
3-орын – 80 балл.
Ашық сабақ өте қызықты және мазмұнды өтті. Студенттер сабақ барысында көптеген пайдалы ақпарат алып, тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы НАССР жүйесінің ерекшеліктерін тереңірек түсінді.