Главная Новости Кәсіби бағдар беру сапары: Жаңаөзендік оқушылар METU университетінде болды
06 Наурыз 2026                  12
Кәсіби бағдар беру сапары: Жаңаөзендік оқушылар METU университетінде болды

2026 жылғы 6 наурызда METU университетіне Жаңаөзен қаласындағы «IQ Ozen» мектебінің 11-сынып оқушылары келді.

Сапар барысында мектеп оқушыларын университет қызметкерлері қарсы алып, кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері, оқуға түсу талаптары және студенттік өмір туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, болашақ талапкерлер үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар METU университетінің оқу аудиторияларымен, инфрақұрылымымен және білім беру ортасымен танысты.

Мұндай кездесулер оқушыларға университетпен жақынырақ танысып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.

            Автор: Мусақызы Жания