2026 жылғы
12 наурызда METU университеті Қарағанды қаласында өткен «BILIMDI KELESHEK – II»
халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.
Іс-шара
мектеп түлектері мен жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктіріп, талапкерлерге
болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік берді. Көрме барысында METU
университетінің өкілдері оқушылар мен олардың ата-аналарына университеттің
білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және оқуға түсу талаптары туралы
мәлімет берді.
Көрме
қатысушылары METU университетіндегі білім алудың артықшылықтары, академиялық
ұтқырлық бағдарламалары, тағылымдамалар және студенттік өмір туралы ақпарат
алды.
Көрме
болашақ талапкерлермен тікелей байланыс орнатуға және METU университетінің
білім беру мүмкіндіктерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.
Автор: Мусақызы Жания