Главная Новости METU өкілдері Алматы көпсалалы колледжінде кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді
13 Наурыз 2026                  60
METU өкілдері Алматы көпсалалы колледжінде кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

2026 жылғы 13 наурызда METU университетінің өкілдері Алматы көпсалалы колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында университет өкілдері студенттерге METU университетінің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және мамандық бағыттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар оқуға түсу шарттары мен университеттің академиялық мүмкіндіктері туралы түсіндірілді.

Колледж студенттері университеттегі студенттік өмір, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, тағылымдамалар және практикаға бағытталған оқыту туралы толық мәлімет алды.

Мұндай кездесулер студенттерге болашақ білім алу бағытын дұрыс таңдауға көмектеседі және METU университетінің мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік береді.

Автор: Мусақызы Жания