Главная Новости METU студенттері Алматы ЖОО студенттік президенттерінің кездесуіне қатысты
12 Наурыз 2026                  33
METU студенттері Алматы ЖОО студенттік президенттерінің кездесуіне қатысты

METU студенттері ALT университетінде қонақта болды.


Аталған университет қабырғасында «Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттік президенттерінің кездесуі» өтті. Кездесу барысында студенттік көшбасшылар қаламыздың экожүйесін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жастардың экологиялық мәдениетін дамыту мәселелерін талқылады.


Сонымен қатар, студенттер Алматы қаласының экожүйесін сақтау мақсатында қандай еріктілер ұйымдарын құруға болады, экологиялық бастамаларды қалай дамыту керектігі туралы пікір алмасты.


Бұл кездесу Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және экологиялық бастамаларды бірлесіп дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.