Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің "Бағдарламалық инженерия" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алтыбай Аршын Бельгиядағы Гент университетінде халықаралық оқыту курсынан өтті. Оқыту бағдарламасы бағдарламалау, қазіргі заманғы технологиялар және ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық оқыту әдістерін кеңейтуге бағытталған.
Оқу барысында Алтыбай Аршын бағдарламалық қамтамасыз ету және технологиялар саласындағы озық оқыту әдістері мен зерттеулермен танысты. Сонымен қатар, бұл оқыту халықаралық байланыстарды нығайтып, басқа университеттердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және алынған білімдерді МИТУ білім беру процесіне енгізуге жол ашты.