Биыл қазақтың ұлы ақыны, жырау, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Соған орай MЕTU ғылыми кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, ақын мұрасын танытатын түрлі деректер ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеде Жамбыл Жабаев туралы газет беттерінде жарық көрген мақалалар да қойылып, оқырмандарға ұсынылды. Бұл материалдар арқылы келушілер ақынның әр кезеңдегі қоғамдық бағасы мен тарихи маңызын тереңірек танып білуге мүмкіндік алды.