Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU-де «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәріс өтті
20 Наурыз 2026                  69
METU-де «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәріс өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) «Экономика және бизнес» кафедрасының тәрбие жұмысы аясында «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәріс өтті.

Дәрісті медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, акушерия және гинекология кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ — Кусаинова Фарида Азимовна жүргізді.

Дәріс барысында жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, аборттың әйел денсаулығына әсері, бедеуліктің себептері және оның алдын алу жолдары қарастырылды.

Іс-шара студенттердің қызығушылығын тудырып, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етті.