Главная Новости CareerTours: Samal Water компаниясына экскурсия
17 Ақпан 2026                  174
CareerTours: Samal Water компаниясына экскурсия

2026 жылғы 17 ақпанда университеттің оқуышылары үшін Samal Water компаниясына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында білім алушылар бутилирленген судың өндірістік циклымен танысты — суды дайындау және тазалау кезеңдерінен бастап дайын өнімді құю және орау процесіне дейін. Компания өкілдері су дайындаудың заманауи технологиялары, сапаны бақылау жүйесі және өндірістік процестерді ұйымдастыру ерекшеліктері туралы айтып берді.


Экскурсия білім алушыларға кәсіпорын жұмысымен тәжірибелік танысуға және кәсіби білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Қатысушылар өндірістің жоғары ұйымдастырылғанын атап өтіп, компания қызметіне қызығушылық танытты.

Кездесу барысында тәжірибе өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы да талқыланды. Samal Water компаниясының өкілдері стажировкалар, кандидаттарға қойылатын талаптар және жас мамандарға арналған перспективалар туралы мәлімет берді.  


Экскурсия соңында білім алушылар нақты өндіріс процесімен танысуға және құнды тәжірибе жинауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.