2026 жылғы 19
наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің делегациясы
экологиялық консалтинг және ESG саласындағы Қазақстанның жетекші ұйымдарының
бірі EcoNetwork компаниясына барды.
Делегация құрамына
академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Абдилдаева Асель Асылбековна, «Биохимиялық
инженерия» кафедрасының меңгерушісі Солодова Елена Владимировна және «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының
меңгерушісі Сакыпбекова Меруерт Жумабековнаа кірді.
Кездесу барысында
ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, соның ішінде:
·
студенттік бастамалар мен практикалық оқытуды
дамыту;
·
компания сарапшыларының МИТУ-дың білім беру
үдерісі мен іс-шараларына қатысуы;
·
экологиялық акцияларды, сенбіліктерді және т.б.
ұйымдастыру.
Сондай-ақ, мамандарды даярлауға заманауи экологиялық және цифрлық
шешімдерді енгізу және студенттер үшін тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін
кеңейту мәселелері қаралды.
Тараптар орнықты даму және "жасыл" технологиялар саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Сапар МИТУ-ның ESG-тәсілдерін дамытуға және индустриялық әріптестермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытын растады.