Главная Новости METU қызметкерлері мектептерге барып, Наурыз мерекесімен құттықтады
19 Наурыз 2026                  376
METU қызметкерлері мектептерге барып, Наурыз мерекесімен құттықтады

2026 жылғы 19 наурызда METU университетінің қызметкерлері №21 мектеп-гимназиясына, №94 мектеп-гимназиясына және №22 мектеп-гимназиясына барды.

Сапар барысында университет өкілдері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық ұжымдарын Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Кездесу барысында METU қызметкерлері оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және мамандық бағыттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар оқуға түсу талаптары, студенттік өмір және болашақтағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсынылды.

Мұндай кездесулер мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.

Автор: Мусақызы Жания