Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде (METU) профессор, доктор Құтай
Октайдың «Қонақ үй бизнесіндегі сервис» тақырыбындағы дәрістер
сериясы басталды.
Профессор
Құтай Октай — Кастамону университетінің (Түркия) туризмді басқару
кафедрасының меңгерушісі, туризм және қонақ үй менеджменті саласындағы танымал
маман, ғылыми жарияланымдардың авторы, халықаралық жобалар мен
конференциялардың қатысушысы.
Дәрістер
барысында студенттер қонақ үй бизнесіндегі сервисті ұйымдастырудың заманауи
тәсілдерімен, қонақжайлылық саласындағы халықаралық тәжірибемен танысып,
саланың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.
Кездесулердің
практикалық форматы ерекше қызығушылық тудырды: студенттер талқылауларға
белсенді қатысып, сұрақтар қойып, халықаралық сарапшымен пікір алмасты. Мұндай
дәрістер кәсіби көкжиекті кеңейтіп, тәжірибелік білімді арттыруға және болашақ
мамандыққа деген қызығушылықты күшейтуге ықпал етеді.