Жастар саясаты департаменті «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасымен бірлесіп, «Заң және тәртіп» бастамасы шеңберінде студенттермен мазмұнды кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында қатысушылар назарына «Не книжная закладка» және «Хулиганка» атты әлеуметтік тақырыптағы фильмдер ұсынылды. Көрсетілімнен кейін фильмдерде қозғалған мәселелер төңірегінде пікір алмасу өтіп, студенттер өз ойларын еркін білдірді.
Аталған шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын ұғынуға бағытталды.