Главная Новости METU ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы сәтті өтті
02 Сәуір 2026                  63
METU ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы сәтті өтті

     Ақпан–наурыз айлары аралығында METU ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Игі бастамаға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері белсене қатысып, кітапхана қорын толықтыруға зор үлес қосты.

Акция барысында кітапхана қоры түрлі саладағы жаңа әдебиеттермен толықты. Олардың қатарында қазақ және әлем әдебиеті, автоматтандыру, математика, тарих және басқа да ғылыми бағыттағы еңбектер бар.

Жаңадан келіп түскен кітаптар оқырмандар үшін толықтай қолжетімді. Бұл – білім мен ғылымға қызығушылық танытқан әрбір жан үшін тамаша мүмкіндік.