Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН КУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
18 Наурыз 2026                  357
«ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН КУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Аргентина елінен шақырылған профессор Маркос Франсиско Бомонте (Marcos Francisco Bomonte)университетте қызмет атқарып, «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында білім алушыларға дәрістер оқып, семинар сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, профессор ғылыми және академиялық іс-шараларға белсенді қатысып, оқу процесінің сапасын арттыруға үлес қосты. Профессордың сабақтары тәжірибелік бағытта ұйымдастырылып, студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және заманауи ІТ-технологияларды меңгеруіне мүмкіндік берді. Өткізілген курс қорытындысы бойынша «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері жоғары белсенділік танытты. Сабақтарға тұрақты қатысып, берілген тапсырмаларды сапалы орындаған және оқу барысында ерекше көзге түскен 10 студент марапатталды. Марапаттау барысында студенттердің білімге деген қызығушылығы, жауапкершілігі және кәсіби дамуға ұмтылысы жоғары бағаланды. Айта кету керек, аталған курсқа тек «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері қатысып, халықаралық деңгейдегі білім алуға мүмкіндік алды. Шақырылған профессордың қатысуымен ұйымдастырылған бұл курс студенттерге шетелдік тәжірибемен танысып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге жол ашты. Осындай білім беру бастамалары университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.