Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде көктемгі семестрдің басталуымен академиялық мобильдік бағдарламасы аясында шетелдік студенттерді қабылдау жалғасуда. «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедарсына 6В06201 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білім беру бағдарламасы бойынша университетімізге Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті им. И. Раззакова-дан студенттер келді.
Академиялық мобильдік бағдарламасының мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу және халықаралық білім беру байланыстарын нығайту. Келген студенттер семестр бойы профильдік пәндер бойынша білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, университеттің академиялық және мәдени өміріне белсенді араласады. Бағдарлама аясында студенттерге оқу процесімен таныстыру, кампус бойынша экскурсия ұйымдастыру және кафедра оқытушыларымен кездесу өткізілді. Сонымен қатар, қонақ студенттерге оқу барысында қажетті академиялық және әдістемелік қолдау көрсетіледі.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту – университеттің стратегиялық бағыттарының бірі. Осындай академиялық алмасулар студенттердің білім сапасын арттыруға, мәдениаралық коммуникацияны дамытуға және болашақ мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.