«Экономика
және бизнес» кафедрасының эдвайзерлері өздерінің академиялық топтарымен жастар
арасындағы құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу тақырыбында эдвайзерлік
сағаттар өткізді. Іс-шараға 1–2 курс студенттері қатысты.
Кездесу
аясында студенттерге қазіргі жастар арасында өзекті болып отырған мәселелерге
арналған екі тағылымдық әлеуметтік фильм көрсетілді.
Бірінші
фильм жастардың заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға арналды. Онда
жасөспірімдер мен студенттерге «жеңіл ақша» табу сылтауымен есірткі заттарын таратуға
қатысу ұсынылатыны көрініс тапқан. Фильм сюжеті мұндай таңдаудың қандай ауыр
салдарға әкелетінін айқын көрсетті: тағдырдың бұзылуы, болашақтан айырылу және
қылмыстық жауапкершілік.
Екінші фильм
жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг мәселесіне арналды. Онда агрессия,
психологиялық қысым және бір-біріне қатыгездікпен қараудың салдары көрсетілді.
Фильм ойланбай жасалған әрекеттер, немқұрайлылық пен қорлау тек моральдық және
психологиялық жарақаттарға ғана емес, сонымен қатар елеулі құқықтық салдарға да
алып келуі мүмкін екенін көрсетті.
Көрсетілімнен
кейін студенттермен талқылау ұйымдастырылып, оның барысында білім алушылар өз
ойларымен бөлісіп, көтерілген мәселелерге қатысты пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ олар жеке жауапкершілік, дұрыс өмірлік таңдау жасау, заңды сақтау
және бір-біріне құрметпен қарау жөнінде маңызды қорытындылар жасады.
Жоғары курс
студенттері үшін аталған бейнематериалдар танысу мақсатында оқу топтарының
WhatsApp чаттарына жіберілді.
Аталған
іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын, әлеуметтік жауапкершілігін және
қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кафедраның тәрбие
жұмысының маңызды бөлігі болды.