Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің (И. Раззаков атындағы) «Қолданбалы информатика» кафедрасының 710300 – «Қолданбалы информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне (METU) келіп, «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында білім алуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге өз білімін халықаралық деңгейде жетілдіруге, жаңа білім беру жүйелерімен танысуға және кәсіби дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік береді. METU университетінде білім алып жатқан қырғызстандық студенттер заманауи ІТ-технологиялармен танысып, бағдарламалық инженерия саласы бойынша теориялық және практикалық білімдерін толықтыруда.
Бағдарлама аясында студенттер тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынас орнатып, жаңа ортаға бейімделу тәжірибесін де игеруде. Бұл олардың жеке және кәсіби дамуына оң әсерін тигізеді.
Студенттер университеттің оқу процесіне белсенді қатысып, оқытушылармен және жергілікті студенттермен бірлесіп жұмыс істеуде. «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында білім алу барысында студенттер бағдарламалау және заманауи технологиялар бойынша білімдерін жетілдіріп, практикалық жобаларға қатысып, командалық жұмыс дағдыларын дамытуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – халықаралық білім беру кеңістігін кеңейтудің маңызды құралы. Қырғызстаннан келген студенттердің METU университетінде білім алуы екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосуда.