Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРИЯ БОЛАШАҒЫ: METU ӨКІЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ
02 Сәуір 2026                  39
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРИЯ БОЛАШАҒЫ: METU ӨКІЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ
Алматы технологиялық университетінде (АТУ) Ақпараттық технологиялар факультетінің «Компьютерлік инженерия» кафедрасы базасында
«Инженериядағы AI: құрал, серіктес немесе бәсекелес?» тақырыбында халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, ІТ-индустрия өкілдері мен сарапшылар қатысып, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында инженерлік қызметтің трансформациясын жан-жақты талқылады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне, ғылымға және еңбек нарығына әсеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, AI технологияларының инженерлік қызметтегі рөлі, оның адам еңбегін жеңілдетуі немесе жаңа талаптар қою мүмкіндігі кеңінен қарастырылды.

Пікірталас нәтижесінде жасанды интеллекттің тек құрал емес, жоғары технологиялық серіктес екені атап өтілді. Сонымен қатар, болашақ инженерлер үшін сыни ойлау, ақпаратты саралау, контентті верификациялау және бейімделу қабілеті сияқты жаңа құзыреттердің маңыздылығы ерекше көрсетілді.

Аталған халықаралық іс-шараға Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі
Сакыпбекова Меруерт Жумабековна қатысып, өз баяндамасын қорғады.

Баяндама барысында заманауи жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне енгізу, инженерлік даярлықты жетілдіру және цифрлық дағдыларды дамыту мәселелері көтерілді.

METU өкілінің қатысуы университеттің халықаралық ғылыми-академиялық байланыстарын нығайтып, тәжірибе алмасуға маңызды үлес қосты.

Іс-шара аясында өткен пікірталас өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар саланың даму бағыты бойынша ортақ көзқарас қалыптастырып, AI технологияларының болашағына қатысты өз ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел бағдарламасы АТУ-дың ғылыми-зерттеу зертханаларына экскурсиямен аяқталды. Қонақтарға университеттің инновациялық мүмкіндіктері мен халықаралық жобаларды жүзеге асыруға арналған инфрақұрылымы таныстырылды.

Бұл іс-шара жасанды интеллекттің инженерия саласындағы маңызын айқындап, заманауи технологиялардың болашағын түсінуге жаңа серпін берді. Осындай халықаралық деңгейдегі кездесулер университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім мен ғылымның дамуына ықпал етеді.