2025 жылдың 25 ақпанында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттердің жыл сайынғы жоспарлы медициналық тексерісі аяқталды. Осы оқу жылында диагностикалық зерттеулер «Достар Мед» жоғары технологиялық клиникасының базасында жүргізілді.
Жыл сайынғы медициналық тексеру — университеттің жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саясатының маңызды бөлігі. «Достар Мед» клиникасымен серіктестіктің арқасында ХИТУ студенттері сапалы медициналық қызметтерге, заманауи жабдықтарда диагностикадан өтуге және білікті мамандардың кеңесіне қол жеткізді.
Университет әкімшілігі процестің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті: тексеру бекітілген кестеге сәйкес қатаң жүргізіліп, әрбір студент үшін жайлылық пен жеделдікті қамтамасыз етті. Кәсіби шеберлігі мен көпжылдық сапа дәстүрі үшін «Достар Мед» командасына алғыс айтамыз!