Главная Новости ХИТУ-дағы жаһандық стандарттар: «Экономика және бизнес» кафедрасы Erasmus+ аясында жаңа пәндерді енгізуде
20 Қаңтар 2025                  1477
ХИТУ-дағы жаһандық стандарттар: «Экономика және бизнес» кафедрасы Erasmus+ аясында жаңа пәндерді енгізуде

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Erasmus+ бағдарламасының GreenTech Horizons халықаралық жобасын іске асырудың белсенді кезеңін жалғастыруда. «Экономика және бизнес» кафедрасының мәжілісінде жетекші еуропалық сарапшылармен бірлесіп әзірленген инновациялық оқу курстарын енгізу мәселесі стратегиялық тұрғыда талқыланды.

Бұл бастама ХИТУ-дың жоғары білім беруді «жасыл» трансформациялау мен цифрландыруды қолдауға бағытталған жаһандық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Кафедрадағы сарапшылық талқылау қорытындысы бойынша оқу процесіне келесі екі өзекті пәнді қосу ұсынылды:

1.     «Жасыл кәсіпкерлік және инновациялар» — курс тұрақты бизнес-модельдер саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Экологиялық сценарийлерді модельдеу және деректерді талдау үшін жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалануға ерекше назар аударылған. Пән заманауи бизнеске эко-технологияларды енгізуге дайын мамандарды даярлауға арналған.

2.     «Рекреация және туризмнің тұрақты дамуы» — бағдарлама туризм және сервис индустриясы үшін кадрлар даярлауға бағдарланған. Студенттер қоршаған ортаға тиетін әсерді барынша азайта отырып, экономикалық өсуге ықпал ететін туристік өнімдерді жобалауды үйренеді.

Кафедра меңгерушісі Ж.Т.Дильдебаева бұл курстарды интеграциялау ХИТУ студенттері үшін академиялық ұтқырлықтың жаңа көкжиектерін ашатынын атап өтті.