Главная Новости Инклюзивтілік жөніндегі комитеттің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2024                  1140
Инклюзивтілік жөніндегі комитеттің отырысы өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (ХИТУ) жаңа оқу маусымына дайындық мәселелеріне арналған Инклюзивтілік жөніндегі комитеттің мәжілісі өтті.

Жиынның басты қорытындысы: оқу жылының басына қарай ХИТУ-дың барлық оқу корпустары 100% пандустармен және қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Әкімшілік жұмыс жөніндегі проректор Х.С.Кузанов хабарлағандай, университеттің материалдық-техникалық базасы кедергісіз орта стандарттарына толық сәйкес келеді және ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін ғимараттарға еркін кіруді қамтамасыз етеді.

Техникалық дайындықтан бөлек, Комитет  оқу кестелерін жекелендіру; әрбір студенттің сәтті әлеуметтенуі үшін психологиялық-педагогикалық қолдауды күшейтуді бекітті.