Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ командасы бухгалтерлік есеп және қаржылық коммуникациялар бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпазы
04 Сәуір 2026                  625
МИТУ командасы бухгалтерлік есеп және қаржылық коммуникациялар бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпазы

2026 жылғы 26–28 наурыз аралығында «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы, экономикалық факультеті Российский университет дружбы народов имени Патриса Лумумбы ұйымдастырған бухгалтерлік есеп және қаржылық коммуникациялар бойынша халықаралық олимпиада өтті.

Олимпиадаға жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

Олимпиадаға қатысу келесі мүмкіндіктерді берді:

Ø  кәсіби құзыреттерді бекіту

Ø  экономикалық пәндерді оқуға деген қызығушылықты арттыру

Ø  пәндік дағдылар мен біліктерді дамыту

Ø  тәуелсіз қазылар алқасы және халықаралық сарапшылармен өзара әрекеттесуді қоса алғанда, академиялық және кәсіби байланыстар аясын кеңейту

МИТУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының студенттері бірінші орынға ие болды. https://olympiada-account.rudn.ru

 

Ғылыми жетекшісі — э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Атчабарова А.М.


ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ЛАЙЫҚТЫ ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ!