Главная Новости ХИТУ-да академиялық әдеп стандарттары мен оқытушылардың кәсіби мінез-құлық мәселелері талқыланды
27 Қаңтар 2025                  2730
ХИТУ-да академиялық әдеп стандарттары мен оқытушылардың кәсіби мінез-құлық мәселелері талқыланды

2025 жылдың 27 қаңтарында, екінші семестрдің басында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (ХИТУ) корпоративтік құндылықтарды нығайтуға арналған маңызды кездесу өтті. Дөңгелек үстел аясында қатысушылар өзекті тақырып: «Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) Ар-намыс кодексі және әдебін» талқылады.

Талқылауға МИТУ-дың Бірінші проректоры Д.Б. Ақпанбетов қатысты. Кездесуді аша отырып, ол университетте кәсіби мінез-құлық пен корпоративтік мәдениет стандарттарын айқындайтын ОПҚ-ның (оқытушы-профессорлар құрамы) Ар-намыс кодексінің ережелері қатаң сақталатынын ерекше атап өтті. Проректор мұндай іс-шаралар академиялық саясаттың бұзылуының алдын алу және тәртіпті нығайту мақсатында жүйелі түрде өткізілетінін түсіндірді. Өйткені педагогтің жеке үлгісі мен этикалық нормаларды ұстануы университеттің жоғары мәртебесінің кепілі болып табылады.

Кадр бөлімінің бастығы Н.С Кенбаева оқытушының кәсіби әдебі жоғары қарым-қатынас мәдениетіне, субординацияға және педагогикалық әдептілікке негізделетініне тоқталды. Қызметкердің имиджіне, соның ішінде іскерлік стильді сақтауға, университеттегі және әлеуметтік желілердегі мінез-құлықтың дұрыстығына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ академиялық адалдық принциптеріне басымдық берілді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ХИТУ-дың комплаенс-офицері Б.М.Жексембаев ерекше тоқталды. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық аспектілерін қамтып, қызметкерлердің емтихан процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысына жол бермеу жөніндегі міндеттемелерін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау ХИТУ-дағы кәсіби қызметтің міндетті шарты екені айтылды.

«ПОҚ Ар-намыс кодексі — бұл біздің корпоративтік мәдениетіміздің негізі. Жаңа оқу жылына қадам баса отырып, ХИТУ-дың әрбір оқытушысы өзінің тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандар үшін адамгершілік бағдар екенін есте ұстауы тиіс. Жоғары тәртіп пен әдептілік — біздің басым міндеттеріміз», — деді Бірінші проректор Д.Б. Ақпанбетов.

Дөңгелек үстел соңында кадр бөлімінің бастығы Н.С. Кенбаева мен комплаенс-офицер Б.М. Жексембаев қатысушылардың еңбек заңнамасына, құқықтық нормаларға және қазіргі білім беру ортасындағы әдеп мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Университет ұжымы ортақ пікір білдірді: оқу жылының алғашқы күндерінен бастап Кодекс нормаларын қатаң сақтау ХИТУ-да сенім, әділдік және жоғары кәсібилік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.