Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры NARXOZ CHESS CUP–2026: БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІК 15-ТІККЕ ЕНДІ
06 Сәуір 2026                  840
NARXOZ CHESS CUP–2026: БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІК 15-ТІККЕ ЕНДІ
Халықаралық деңгейде өткен Narxoz Chess Cup–2026 шахмат турнирінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Бағдарламалық инженерия кафедрасының студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте 15-орынға ие болды. Аталған турнирге еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының үздік студенттері қатысып, интеллектуалдық бәсекеде өзара сынға түсті. Осындай жоғары деңгейдегі додада лайықты нәтиже көрсету – үлкен жетістік.

Кафедра намысын қорғаған студенттер:
Канабатыров Темирлан Нурланович (ПИ-23-1.4к)
Кочерга Даниил Александрович (ПИ-25-1.4р)
Кудретбеков Бауыржан Бахытжанұлы (М-ПИ-25-1р)

Олар турнир барысында жоғары стратегиялық ойлау қабілетін, төзімділік пен логикалық талдау дағдыларын көрсете білді. Әрбір қатысушы – кафедрамыздың мақтанышы. Бағдарламалық инженерия кафедрасы студенттердің тек техникалық біліммен ғана шектелмей, жан-жақты дамуына ерекше мән береді. Мұндай жарыстар студенттердің аналитикалық ойлауын дамытып, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады.

Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда бұдан да жоғары жетістіктер тілейміз!