Алматы сервис
және технология колледжінің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған еркін күрестен
республикалық турнирде Айтмағанбет Аслан жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II
орынды иеленді.Айтмағанбет Аслан – Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің
«Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті
(ПИ-23-1к). Ол тартысты бәсекеде өз
шеберлігін, қайсарлығын және жеңіске деген жігерін айқын көрсете білді.
Еркін күрес – тек физикалық күшті ғана емес, сонымен қатар төзімділік,
жылдамдық пен тактикалық ойлауды талап ететін спорт түрі. Осындай жоғары
деңгейдегі жарыста жүлделі орын алу – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Студентіміздің
бұл жетістігі – университетіміз үшін зор мақтаныш. Біз Асланды жеңісімен шын
жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді
бағындыруына тілектеспіз!