2026 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында өткен, кәсіби
біліктілік жүйесін дамытуға және білім беру мен бизнес арасындағы өзара
байланысты нығайтуға бағытталған екі маңызды кәсіби іс-шараға Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің (METU) ACCA БББ жетекшісі, профессор С.Т.
Миржақыпова қатысты.
Күннің бірінші жартысында профессор
қаржы-экономикалық саладағы академиялық даярлықты еңбек нарығының
қажеттіліктерімен үйлестіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысып,
спикер ретінде сөз сөйледі. Іс-шара барысында қаржы мамандығының
трансформациясына байланысты негізгі сын-қатерлер, сондай-ақ жұмыс берушілердің
заманауи талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың
практикалық тәсілдері талқыланды.
Іс-шара аясында жоғары оқу орындарының біліктілік
жүйесіндегі рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда,
кәсіби стандарттарды дамыту, оларды өзектендіруге академиялық қауымдастықтың
қатысуы және кәсіби ұйымдар мен жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту
мәселелері қарастырылды.
Күннің екінші жартысында профессор жаңа мүшелер мен
Fellow мәртебесінің иегерлерін марапаттауға арналған ACCA мүшелігін
табыстаудың салтанатты рәсіміне қатысты. Аталған іс-шара халықаралық кәсіби
қауымдастық өкілдерімен, жұмыс берушілермен және қаржы мен аудит саласындағы
сарапшылармен тәжірибе алмасу мен кәсіби байланыс орнатудың маңызды алаңына
айналды.
Аталған іс-шараларға қатысу университеттің заманауи
кәсіби біліктілік жүйесін қалыптастырудағы және халықаралық стандарттарды білім
беру үдерісіне енгізудегі белсенді рөлін нығайтуға ықпал етеді.