2026 жылғы
7 сәуірде METU университеті «BILIMDI KELESHEK – II» халықаралық білім беру
көрмесіне қатысты.
Іс-шара
білім беру ұйымдары мен сапалы жоғары білім алуға қызығушылық танытқан болашақ
талапкерлерді біріктірді. Көрме барысында METU университетінің өкілдері
оқушылар мен олардың ата-аналарына білім беру бағдарламалары, оқуға түсу
шарттары және оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Көрме
қонақтары METU университетінде білім алудың артықшылықтары, студенттік өмір,
академиялық ұтқырлық, тағылымдамалар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы
толық мәлімет алды.
Осындай
көрмелерге қатысу университеттің кәсіби бағдар беру жұмысын күшейтіп,
талапкерлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Автор: Мусақызы Жания