2026 жылғы
3–4 сәуірде METU университеті «AI Talents Almaty» ауқымды білім беру жобасына
серіктес ретінде қатысты.
Жоба Алматы
қаласы әкімдігінің Білім басқармасы тарапынан жүзеге асырылып, 10–11 сынып
оқушыларының цифрлық дағдыларын дамытуға және жасанды интеллект технологияларын
қолдануға бағытталған.
Іс-шара
аясында METU университетінің өкілдері жоғары оқу орындары көрмесіне қатысып,
университеттің білім беру бағдарламаларын, оқу мүмкіндіктерін, оқуға түсу
шарттарын және студенттік өмірін таныстырды.
Мұндай
жобаларға қатысу METU университетіне білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты
нығайтуға және оқушылардың IT саласына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік
береді.
Автор: Мусақызы Жания