Кафедраның профориентациялық жұмысы аясында Гимназия №132 оқушыларымен кездесу өтті. Іс-шара гимназия директоры Ауелбаева Асем Оңдасыновна қолдауымен ұйымдастырылды.
Оқушылар алдында профессор, кафедра меңгерушісі Абуова А.Б. кәсіби бағдар беру бойынша дәріс оқыды. Кездесу барысында білім беру бағдарламалары, дайындық бағыттары және әрі қарай оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесу барысында мамандық таңдау, түрлі салалардағы даму перспективалары және қазіргі еңбек нарығының талаптары мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.