Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Заң мен тәртіп» аясында ашық эдвайзерлік сабақ өтті
16 Наурыз 2026                  409
«Заң мен тәртіп» аясында ашық эдвайзерлік сабақ өтті

Кафедрада «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында ашық эдвайзерлік сабақ ұйымдастырылды. Бірінші курс студенттеріне арналған сабақты эдвайзерлер Жазира Алпысбаевна және Гульзира Шабаевна өткізді. Іс-шараға 6В07103 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және 6B07501 - «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.

Сабақтың негізгі мақсаты - студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту болды.

Іс-шара барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы тәртіптің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, түрлі құқықтық жағдайлар талқыланып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Ашық форматта өткен сабақ барысында студенттер өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Эдвайзерлер тарапынан мазмұнды жауаптар беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды.

Сабақ соңында білім алушылар заң мен тәртіпті сақтау әрбір азаматтың маңызды міндеті екенін атап өтті.