Главная Новости «Заң мен тәртіп» аясында түсіндірме жұмыстары
09 Сәуір 2026                  268
«Заң мен тәртіп» аясында түсіндірме жұмыстары

Бостандық ауданының прокуратурасының прокуроры Әділов Марат Әнуарұлы және Бостандық ауданының ПБ ҚҚБ ЮПБ аға УПИ, полиция аға лейтенанты Ахмадиев Өркен Ғалымұлы қатысуымен студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» жобасы аясында өткізіліп, жастарды құқықтық сауаттылыққа, жеке жауапкершілікке тәрбиелеуге және қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.